Skip to content

ҚАЛАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДЕБАТТА – ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН!

«Әділдік және жауапкершілік» айы аясында мектеп оқушылары арасында қалалық құқықтық дебат ойындары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында №9 Zerde мамандандырылған мектебінде өтті.

Зияткерлік сайыс барысында жас пікірсайысшылар заң мен тәртіп, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, құқықтық сауаттылық және әділ қоғам қалыптастыру тақырыптарында өзара пікір алмасты. Үш кезеңнен тұратын тартысты турнирде қатысушылар өздерінің білімін, шешендік өнерін, сыни ойлау қабілеті мен дәлелді сөйлеу шеберлігін көрсетті.

Мектебіміздің «ДІЛМАР» дебат командасы үздіктер қатарынан көрініп, ІІІ орынды иеленді! 🥉

Жас пікірсайысшыларымызды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім мен ізденіс жолында биік белестерді бағындырып, әділдік пен парасаттылықтың жаршысы бола беріңіздер!

Ұшқыр ой, ұтымды уәж, нық ұстаным – жеңіске бастар жол!