Skip to content

«Кітап — ғұмыр шырағы» атты дөңгелек үстел»

02.11.2021

2020 — 2025 оқу жылына арналған «Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт» жобасы бойынша мектеп кітапханасында » Кітап — ғұмыр шырағы» атты дөңгелек үстел 02.11.2021ж. өтті. Мақсаты: Оқушыларға жоба барысын таныстырып, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттырудағы сынып жетекші мен пән мұғалімдерінің рөлін анықтап, қолдау көрсету.
Мұғалімдерді топқа бөліп, Сарыарқа әнін 4 сынып оқушысы Сәмен Елікай орындап, керемет көңіл күй сыйлады. Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» оқып талдап, талдау барысында өмірмен ұштастырды. 2021-2022ж Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай шағын әңгімелерінен заманауи үлгіде креативті кітап құрастыру болды. А.Құнанбайұлының өлеңдері бойынша символдар арқылы жасырынған өлең жолдарын табу болады. Кері байланыс жасалып, «Кітап- ғұмыр шырағы» атты мұғалімдерге, Зоя Нұрланқызының дайындап әкелген қолжазба кітапшасын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Канафиева Зарина Рустамовна марапаттап табыстады.