13.09.2021
1- 11 сынып оқушылар арасында Отбасы күніне, «Отбасы- бақытың кілті» атты сынып сағаты өтті. 1-7 сынып оқушылары қабырға газетін шығарды. 8- 11 сынып оқушылары эссе жазды.
Отбасы — құрмет пен ынтымақтастық, сыйластық пен жарастық орнаған орта. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі — бала.Балаға әлеуметтік- мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру жалпы өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әке — шешенің ең маңызды міндеті. Тәрбиелі болып өсуге берекелі, мерейлі отбасының әсері мол.Сондықтан қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, босағамыз берік болғай. #Отбасымкүні2021# Қазақстан отбасы2021#




