18.04.2022
Тіл — Халықтың мұрасы


Нұр — Сұлтан қаласы әкімдігінің «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия» КММ
18-29 сәуір аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Тіл — халықтың мұрасы» тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы жұпар таңның жылуын шашқан ерекше көтеріңкі көңіл-күймен басталды.
Ана тіліміздің тұғырының мықты болуы — ұлт рухының негізі. Бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру — исі қазақ баласының борышы. Осы мақсаттан туған іс-шара жоспарының алғашқы сәтінен бір үзік көрініс.
