Астана қаласы әкімдігінің «Смағұл Садуақасұлы атындағы
№78 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ «Қамқорлық» акциясы
АНЫҚТАМА
Бақылау негізі: 2023-2024 оқу жылында «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Бақылаудың мақсаты: Қазіргі заманда балалар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, ізгі іс жасауға баулу. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
Бақылау объектілері: Аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар, мүмкіндігі шектеулі оқушылар, әлеуметтік қорғау нысандары.
Тексеру мерзімі: 2023-2024 оқу жылы, II жарты жылдық.
Бақылау нәтижелері:
«Қамқорлық» акциясы аясында 1-11 сыныптар арасында «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қазіргі заманда балалар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, ізгі іс жасауға баулу. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау бейнероликтер байқауы өтті. Жалпы байқауға 59 бейнеролик қатысты. «Ділмар» дебат клубы, «Парламент» өзін-өзі басқару ұйымы және 57 сынып оқушылар қатысты.
Нәтижесінде бас жүлдені 5 В сыныбы, жетекшісі Жолымбетова Ж.Т алды. Оқушылар мен ата-аналар «Шарапат» қарттар үйінен 20 ата-әжеге «Мико» отбасылық кафелер желісінде дастархан жайып, түрлі сыйлықтармен марапаттап, концерттік номерлер көрсетті. Мектеп инстаграмында жарияланған ролик 500ге жуық лайк жинады.
I орынға 151-300 лайк жинаған сыныптар: 3 Б, 7 Б, 6 Ж, 9 А, 9 Д, 9 Ж
II орынға 131-150 лайк жинаған сыныптар: 1 Д, 2 Ә, 5 А, 6 Д, 7 Д
III орынға 100-130 лайк жинаған сыныптар: 2 Г, 3 В, 3 Г, 4 Ғ, 6 Ә, 7 Ж, 8 Ғ, 11Ә.
Әлеуметтік қорғау нысандарына соның ішінде Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған жетімдер үйіне 5 «А» сыныбы, жетімдер үйі 2 «З» сыныбы, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығы 7 «Ғ» сыныбы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бала бақшаға 3 «Б» сыныбы барып, ойыншық, түрлі тәттілер, жеміс-жидектер апарып берді.
Жалпы іс шара мақсатына жетті.
Әлеуметтік педагог: Мухамеджанова Жансулу