Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай оятуға болады?
v Бала сіздің өзіңіздің қалай сүйсіне кітап оқитыныңызды көруі керек. Қалай кітаптардан мысал келтіре сөйлейтініңізді, қалай кітап оқып күлетініңізді көрсін. Оқыған қызықты дүниеңізбен бөлісіңіз.
v Бір-біріңізде кезектесіп әңгімелер, қызықты оқиғалар оқыңыздар. Теледидар көрудің орнына уақытты кітап оқумен өткізіңіз.
v Оқуды қалай бағалайтыныңызды көрсетіңіз: кітаптар сатып алыңыз, кітап сыйға тартыңыз.
v Бала кітап, журналдарды өзі таңдайтын болсын.
v Баланың өзі оқыған кітаптары туралы пікірін сұрап отырыңыз.
v Баланың мерзімді баспасөзден жұлдызнама, әзіл-сықақ болсын көп оқуына көңіл бөліңіз.
v Көрнекі жерге баланың кітап оқуда жеткен жетістіктерінің тізімін іліп қойыңыз. (Қандай уақытта қанша кітап оқығаны туралы).
v Үйде балалар кітапханасы болу керек.
v Баламен бірге сөзжұмбақ шешіңіз.
v Баланы шабыттандыратын белгілі бір тақырыптағы кітаптарды жинаңыз (мысалы, динозаврлар немесе ғарышқа саяхат жайлы).
v Балаларға ұзақ туындыдан гөрі қысқа әңгімелер оқыған дұрыс. Сонда бала оқып тауысқан кезде рахаттанатын болады, ұзақ шығармадан бала жалығып кетеді.
v Бала фильм көрер алдында немесе кейін сол туралы кітап оқуға ұсыныс айтыңыз.
v Баланың дауыстап оқуына да жағдай жасаңыз. Бұл балаға өз-өзіне сенімділігін дамытады.