Тел: +7 717 240 83 75
Астана
+27°C

Макс.: +29°

Мин.: +16°

Вт, 08.08.2023

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ

Зорлық-зомбылықтың алдын алу
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Сол себепті «Зорлық-зомбылықтың алдын –алу мәселелері» бойынша стенд жасалды.
Өмір туралы ойлана қалсақ, Конфуцийдің ой-пікірлері қызық әрі мағыналы екенін түсінеміз. Данышпан бір еңбегінде «мейірім мен махаббат жоқ жерде өмір сүрмеген абзал» деп жазыпты. Конфуцийдің әлгі пікіріндегі «өмір сүрмеген абзал» деген сөз ешкімді ол ортадан кетіп қалуға меңзеп тұрған жоқ. Керісінше, сол ортаны мейірімге қарық қылып, махаббатқа, шапағатқа толтыруға шақырып тұр. Өйткені, дәл осы тұжырымының соңында ұлы ойшыл өз ой-пікірін «мейірімді ортада өмір сүруге ұмтылу – өмірдегі ең үлкен ұмытылыс» деп аяқтайды. Бұдан біз мейірімді болуды өзімізден бастауымыз қажет екенін түсінеміз.
Халқымыздың арғы-бергі тарихында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттерінің алатын орны ерекше екені белгілі. Ата-бабаларымыз сан ғасырдан бері ұстанған Ислам діні де бізді ең алдымен мейірімді болуға шақырады. Ал мейірімнің адам бойына сіңісті болуы отбасындағы тәлім-тәрбиеге, ата-ананың балаға көрсететін үлгі-өнегесіне тікелей байланысты.
Хакім Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өлеңі бар. Қандай тамаша сөз, орнықты ой. Егер біз, адамзаттың бәрін сүйіп, бәріне мейіріммен, сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарай алсақ, онда бүгініміз шуақты, ертеңіміз нұрлы болады. Шуақ пен нұр жанымызға жақсылық ұялату үшін өзіміз мейірімді болайық. Ал дөрекі сөз, ғайбат, өті¬рік, қатыгездік өмірімізді астан-кестен етеді. Сол үшін де жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, барынша көркем мінез танытуға тиістіміз. Баламыз көркем мінезді болуы үшін өзіміз көркем мінезді болуымыз қажет. Сонда ғана жастар арасындағы топтық төбелестер, әлімжеттік, үлкеннің кішіге «салық» салып, үстемдік құрғысы келетін заңға қайшы іс-әрекеттері азаяды.