І.Оқушы тәртібі туралы жалпы ереже- Оқушылар сабаққа 10-15 минут ерте келуі міндетті.
- Сабаққа оқушы ҚР Білім және Ғылым министрінің 26-бұйрығына сәйкес ұлдар — классикалық үлгідегі қара немесе қою көк шалбар, костюм, ақ көйлек, қыздар – қара немес қою көк юбка, ақ кофта киюге міндетті.
- Сыртқы киімін мектеп киім ілігішіне тапсырады.
- Сыныпта сынып жетекшісі тарапынан бекітілген орынға ғана отырып, өтілетін сабаққа қатысты оқу құралдарын даярлайды.
- Мектепке және мектеп ауласына адам денсаулығы мен өміріне қауіпті заттар, жарылғыш немесе тез тұтанғыш заттар алып кіруге қатаң тыйым салынады. Әкелген жағдайда, оқушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке алынады.
- Мектеп бағдарламасына сәйкес берілген үй тапсырмаларын күнделікке толтыруға және орындауға міндетті.
7. Сабаққа қатысты барлық қажетті оқу және жазу құралдарын әкелуге міндетті.
8. Сабақ уақытында мұғалімдердің рұқсатынсыз мектеп ауласынан тыс жерлерге шығуға, өзге де іс-шараларға қатысуға болмайды.
9. Бастауыш сынып оқушыларын мектептен сабақ уақытында немесе сабақ аяқталғаннан кейін үйге тек ата-аналары мен заңды өкілдері алып кетуі міндетті.
10. Оқушы ата-анасы мен заңды өкілінің мектеп директорының атына жазған өтініш негіздемесі бойынша сабақтан босатылады.
11. Оқушыға сабақ уақытында үйге немесе өз учаскесі емханасынан профилактикалық тексеруге баруға ата-анасы немесе заңды өкілінің жауапкершілігі негізінде босатылады.
12. Оқушыға қалалық, облыстық, республикалық түрлі спорттық, мәдени іс-шараларға қатысуға және сабақтан босатылуға мектеп директорының бұйрығы бойынша рұқсат етіледі.Бұйрық аясында балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауапты педагог қызметкер бекітіледі.
13. Оқушы мектеп ауласы мен ішінен бөгде біреулердің заттарын тауып алса тез арада мектеп әкімшілігіне немесе кезекші мұғалімге тапсыруға міндетті.
14. Оқушы сабақтан қалған күндеріне дәрігер анықтамасын, ата-анасының немесе заңды өкілінің түсініктеме хатын алып келуге міндетті.
15. Оқушыларға сабақтан дәлелді себепсіз қалуға қатаң тыйым салынады. Оқушыға үш күннен артық сабаққа дәлелді немесе дәлелсіз себеппен сабаққа келмегені үшін сынып жетекші тарапынан анықтамалық құжат толтырылып, мектеп әкімшілігіне тапсырылады.Дәлелсіз себеппен сабаққа келмеген оқушы профилактикалық есепке алынып, ата-анасы немесе заңды өкілінен түсініктеме алынады.
16. Оқушылар мектепте, көпшілік мәдени орындарда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, әдептілік танытуы тиіс.
17. Оқушылар мектеп мүлкіне, өзінің және өзгелердің жеке мүлкіне ұқыптылықпен қарайды.
18. Оқушыға бөгде біреулердің заттарын қарауға, рұқсатсыз алуға, ұрлауға қатаң тыйым салынады. Біреудің жеке мүлкін ұрлағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке алынады.
19. Оқушы мектепте, қоғамдық ортада, түрлі тәрбиелік, сыныптан тыс іс-шараларда өзін әдепті және мәдениетті, тәртіпті ұстауы тиіс.
20. Оқушыға өзін мектеп ішінде діни сипаттағы киімдер киюге, діниэкстремистік көріністе насихат жұмыстарын жүргізуге, құқықбұзушылыққа бейім әркеттерге баруға және ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Атап көрсетілген көріністер орын алған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке алынады.
21. Мектеп ғимаратында «қоңырау/жауап/смс» функциялары бар мобильді құрылғыларды қоспағанда, интернет модульдермен, фото-бейнекамералармен жабдықталған мобильді құрылғыларды (ұялы телефондар, планшеттер, смарт сағаттар және соған ұқсас басқа да құрылғылар) пайдалануға тыйым салынады (оқу үдерісіне пайдалануға қажеттілік туындаған жағдайдан басқа);
22. Ата-аналарға және бөгде адамдарға сабақ уақытында мектеп ғимаратына кіруге болмайды (сырттан келген қонақтар кезекші вахтаға тіркеліп, рұқсат алып кіреді).