1973 жылы 25 қыркүйекте Семей облысы, Жарма ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1993 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде педагогика және психология мамандығын, 2000 жылы Білім беру менеджері мамандығы бойынша практик- психолог мамандығын аяқтап, 2014 жылы «Туран-Астана» университетінде «Педагогика және психология», «Педагогика» ғылымдарының магистрі атанды. Педагог-шебер. Еңбек өтілі 32 жыл.
Еңбек жолын 1990 жылы Семей облысы, Жарма аудандық білім бөлімінде №235 орта мектебінің аға тәлімгері ретінде бастаған. Семей облысы, Жарма ауданы №234 орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі, Семей қаласы №5 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Семей облысы, Жарма ауданы №235 орта мектеп орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі лауазымында қызмет атқарған. 2000-2010 жылдары Семей қаласы М.Әуезов атындағы педагогика колледжінде педагогика және психология оқытушысы, Астана қаласы №61 орта мектеп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Астана қаласы, «Қазақ ұлттық өнер университеті», тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №26 мектеп – гимназиясының КММ директоры болып қызмет етті.
2022 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп - гимназия» ШЖҚ МКК – директоры болып тағайындалды.
Жангазакова Карлыгаш Есимхановна
2013 жыл Астана қаласы білім басқармасының Алғыс хатымен, 2018-2019 жылдары Білім және ғылым министірлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталып, 2021 жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды. 2021 жыл «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі құрметпен табысталды.